Балқаш көлінде балықшылар ығып кетті
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқаш көлінде бес балықшы мұз үстінде ығып кетті,
деп хабарлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
«Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, балықшылар тұрған мұз Алматы облысындағы Қаратал өзеніне қарай ағып бара жатыр. Зардап шегушілер Саяқ ауылының тұрғындары деп пайымдалуда, қазір олардың тұлғалары анықталуда», деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.