Балқаш көліне батып кеткен екінші ер азаматтың денесі табылды
АСТАНА. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Қызылордада, Сырдария өзені жағасындағы «ПМК-29» саяжай учаскесі маңында күндізгі 15 сағат 02 минөтте қайық аударылып кеткен,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға салдарынан 37 жастағы ер азамат суға батып кеткен. Қазір құтқару қызметінің күшімен оның денесі іздестірілуде.Ал кеше кешкілік 09 сағат 46 минөтте Балқаш көлінің Қарағанды облысы, Приозер қаласы аумағында осыдан 10 күн бұрын батып кеткен 43 жастағы ер азаматтың денесі табылды.Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуірдің 22-де Балқаш көлінің «Алтын құм» жағажайы аумағында су айдынына шыға берісте «Казанка» моторлы қайығы аударылған. Оқиға салдарынан төрт адам суға кетіп, екі адам ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күнге дейін екі адамның денесі табылды, қалған екеуін іздестіру жалғасуда.