Балқаш көлінің деңгейі 15 сантиметрге көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM – Балқаш көлі деңгейінен бірнеше есе көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті.

демалыс аймағы
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

«Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. Егер 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, қазір бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті. Биыл трансшекаралық Іле өзенінен ірі көлемде су келді. Сол арқылы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2 текше шақырымнан астам су жіберуге мүмкіндік туды»,- деді Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірлердегі тасқын судың қалай игеріліп жатқаны туралы мәлімдеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар