Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсартудың қандай жолдары бар

Балхаш
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

БАЛҚАШ. KAZINFORM — Балқашта екі күндік «Балқаш-2024: сын-қатерлер мен шешімдер» халықаралық су-климат форумында трансшекаралық су ресурстарын сақтау мәселесі талқыланды.  

Форумға сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысты.

Ол Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсартудың бірнеше жолын ұсынды. Оның бірі — суды тазарту.

Оның айтуынша, биофильтрация және нанотехнологияларды қолдану сияқты су тазартудың инновациялық әдістері Балқаш көлінің ластану деңгейін төмендетіп, су сапасын жақсартады.

Айта кетсек, облыста қоршаған ортаны жақсартуда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы да өз жемісін беріп жатыр.

Облыс бойынша екі айда рұқсат етілмеген 367 қоқыс полигоны жойылған, 127 мыңға жуық ағаш егілді.

Оның ішінде Балқашта да белсенді жұмыс жүріп жатыр.  

Қоршаған ортаға жанашыр азаматтар «Таза су айдындары» акциясына қатыса отырып, көлдің жағасын қоқыс пен лайдан тазарту жұмыстары жалғасын тауып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram