Балқаш пен Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

пойыз
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздің туристер арасында танымал бағыттарында темір жол көлігі билетінің тапшылығына орай пікір білдірді.

«Алакөлге қосымша пойыздар болады. 12 пойыз болса, оның үшеуі — ауатаптағышпен жабдықталған Тальго пойызы. Ал Балқашқа Астана мен Алматыдан билеті арзандатылған әуе көлігі қатынайды. Оның билеті субсидияланады», — деді министр Мәжілісте ұйымдастырылған брифингте.

Оның атап өтуінше, әзірше аталған бағыттарға билеттер сатылымға шығарылмаған. 

«Қосымша пойыздарға билеттерді сату әлі басталған жоқ. Өйткені, бұл тиімсіз пайдалауға алып келуі мүмкін. Екіншіден, жолаушылар пойызын қосымша сатып алынып жатырмыз. Айталық, өткен жылы барлығы 118 вагон сатып алсақ, биыл 140 бірлігі сатып алынады. Келесі жылы 260 вагон сатып алу жоспарда бар. Алакөл мен Балқашта қосымша пайыздар қатынайтын болады. Билеттір таяуда сатыла бастайды», — деді Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum