Балқаш полицейі автосервис қызметін пайдаланамын деп жемқор атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Балқашта сомасы 7800 теңгені құрайтын автосервис қызметі түрінде пара алғаны үшін полиция қызметкері сотталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Балқаш қаласының ІІБ-нің жол-патрульдік полиция қызметкері Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, параның 50 пайыз мөлшерінде 390 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар мемлекеттiк функцияларды орындауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Іс материалдарына сәйкес, полицей қаңтар айында жемқорлық қылмыс жасаған. Қызметін атқару барысында көлік жүргiзушiсiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттыруына байланысты көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің автосервисте жұмыс істейтінін білген ол, ереже бұзушы мотордың майы мен майлы фильтрді алып берсе, онда оған қатысты әкімшілік материал толтырмайтынын және оны әкімшілік жауапкершіліктен босататынын айтқан.
Тергеу пара сомасын 7800 теңгеге бағалады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, сондықтан оған шағымдануға болады.