Балқаш жағалауын абаттандыруға қосымша қаражат керек - алқа отырысы
«Туризм бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Алайда, 380 млрд теңге сомасына 49 жобаны қаржыландыруға қосымша қажеттілік бар. Бұл жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, бірақ қаржыландырылмаған жобалар. Олардың ішінде Имантау-Шалқар курорттық аймағында автожол салу, Алакөл жағалауын нығайту, Балқаш қаласындағы жағалауды абаттандыру жұмыстары бар», - деді Ержан Еркінбаев туризмді дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі алқа отырысында.
Спикердің айтуынша, бұл жобаларды іске асыру туризмді дамыту үшін өте маңызды. Осы жұмыстар арқылы өңірлердің инвестициялық тартымдылығы да артады.
Айта кетейік, Бурабай курортында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласын дамытуға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. 2022 жылы Қазақстанның барлық облысында туризм көрсеткіштері өскен.