Балқашта бір жасар сәби терезеден құлады

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Бүгін Балқаш қаласындағы 6-шағын ауданда оқыс оқиға болды. Ересектердің қарауынсыз қалған сәби терезеден құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Балқашта бір жасар сәби терезеден құлады

2022 жылғы бала 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінен құлады. Сәби ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

- Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;

- Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;

- Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;

- Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;

- Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;

- Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;

- Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;

- Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;

- Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.


Францияда 770 мың студенттің жеке деректері жария болды
Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің деректері тарап кеткен