Балқашта бөлінген мұз үстінде қалған балықшыларды сүңгуірлер құтқарды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш көлінде балық аулап жүрген үш балықшыны бөлінген мұз алып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Балқашта бөлінген мұз үстінде қалған балықшыларды сүңгуірлер құтқарды

Сүңгуірлер көлге келіп, бөлінген мұзды іліп алып, балықшыларды аман-есен құтқару аэроходтарының бортына отырғызған.

«Үш балықшы жағалаудан 900 метр қашықтықта болған. 12 желтоқсанда 16:30-да ТЖ туралы хабарлама түсті, құтқару жасағының сүңгуірлері оқиға орнына жетті», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Бір сағаттан кейін, 17:35-те 1974, 1988 және 1985 жылғы балықшылар құтқарылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.