Балқашта иесіз мысықтар мен иттерді аулаудың жаңа тәсілі қолданылуда

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласында арнайы мамандар иесіз мысықтар мен иттерді аулаудың жаңа тәсілін қолдана бастады. Жергілікті кәсіпкер Андрей Сокульский жануарларды иммобилизациялау үшін Ветстанцияға хайуанаттардың қозғалысын шектейтін мылтық сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балқашта иесіз мысықтар мен иттерді аулаудың жаңа тәсілі қолданылуда

Пневматикалық құрылғы иесіз мысықтар мен иттерді аулау кезінде қолданылады, ол газ баллонды ветеринарлық лақтырғышпен, ШИЛО түріндегі ұшатын шприцтермен жабдықталған. Қысқа найзашалардың көмегімен жануар ветеринарлық станцияға жеткізілгенше ұйықтатылады.

Пневматикалық мылтықты сатып алу – «Адам және Үй жануарлары» @balkhash_chip_priyut қоғамдық бірлестігінің бастамасын қолдау болып табылады.

Балқаш әкімдігі қаңғыбас жануарларды барынша ізгілікті тәсілмен аулауға және оларды баспаналарда лайықты ұстауға көшу үшін бірқатар мақсаттар қойып отыр.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков «Адам және Үй жануарлары» қоғамдық бірлестігі үшін жерді жалға беру мәселесін шешуге көмектесті. Бұл ұйымның еріктілеріне жануарларға арналған пана құруға арналған бос орын берілді.

2021 жылы «Адам және Үй жануарлары» ҚБ-нің жануарларына арналған оңалту орталығының құрылысы басталады. Жобалық құжаттама дайын. Ораз Тәуірбеков демеушілерді тартуға уәде берді.

Қазіргі таңда Балқаш ветстанциясында жануарларды уақытша ұстауға арналған орын ұйымдастырылған. Жазда меценат Андрей Сокольский иесіз иттер мен мысықтарға 17 қоршау салды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде @balkhash_vet_stansya парақшасы бар, онда жануардың суреті орналастырылып, олар туралы қысқаша мәліметтер жазылған. Ол желіге салынып, үй жануарларын отбасына қабылдауға мүмкіндік беру үшін бір апта күтеді. Көбінесе ұсталғандардың арасында үй жануарлары да бар. Хабарландыруды көріп, иелері оларды алып кетеді.

Бір ай ішінде ветеринарлық станция қызметкерлері 20 күшік пен ересек иттерді тіркеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жануарларға деген көзқарас кез келген мемлекеттің өркениетінің өлшемі екенін атап өтті.