Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Төтенше жағдайдың салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр

Төтенше жағдай кеше сағат 21.00 шамасында болды. Қатты екпінді жел Караменде би көшесіндегі бес қабатты үйдің төбесін ұшырып әкетті. Апат салдарынан құлаған шатырдың астында екі көлік қалып қойған. Зақымданған автокөліктің ішінде болған жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді.

«Қараменде би көшесіндегі 4-ші үйдің шатыры зақымдануынан бір адам зардап шекті. Ол қаланың орталық ауруханасына жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Барлық қажетті мемлекеттік органдар мен қызметтер оқиға орнында тиісті жұмыстар атқаруда», - деді Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов.


Соңғы жаңалықтар