08:46, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
Балқашта мұз үстінен жүру шеруі өтеді
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта мұз өткелімен жүріп өту шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шараның мақсаты қоғамның назарын Балқаш маңындағы экологиялық проблемаларға аудару және ішкі туризмді дамыту.
Іс-шара Ресейдегі Байкал бойымен өткен қысқы шеруге ұқсас болады.
«Ұлы Балқаш шақырады!» мұз үстімен жүріп өтетін екінші шара 14-15 ақпанда өтеді.
Сондай-ақ, бағдарламада «Форсайт-әңгімелесулер: адам және қоғам 2035» интеллектуалдық шаралар өткізіледі. Олар экология, денсаулық және ұзақ өмір сүру, кәсіпкерлік тақырыптарын қамтытын болады.
Мұзда жүріп өту шеруіне қатысуға қатысты ақпаратпен мына сілтемеде танысуға болады.