Балқашта «Оқу пәтері» ашылды

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштың бірінші мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа кабинет ашылды. Бұл тәуелсіз өмір сабақтары өтетін оқу пәтерінің бір түрі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балқашта «Оқу пәтері» ашылды

«Бізде инклюзивті оқыту форматы бар. Оқушылар арасында ерекше білім беру қажеттілігі бар 60-қа жуық бала бар. Әлеуметтік педагог Зере Бейсекеева балаларға қарапайым тұрмыстық дағдыларды, қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін дамытуға болатын жұмыс аймағы бар арнайы кабинет құруды ұсынды. Идеяны жүзеге асыруға қала кәсіпкерлері көмектесті. Олар жиһаз және тұрмыстық техника сатып алуға демеушілік жасады», – деді Балқаштың №1 ЖББМ директорының м.а. Кристина Шафикова.

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарланған кабинетте электр плитасы, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, кір жуғыш машина, үтік және басқа да аспаптар бар. Сабақтарда ерекше балаларға тек өз бетінше қызмет көрсетуге ғана емес, тұрмыстық заттарды дұрыс пайдалануға да үйретеді. Курсқа этикет, қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық бойынша сабақтар кіреді.