Балқашта он бір күннен бері балықшыларды іздестіру шаралары жүргізілуде

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Алматы облысының құтқарушылары он бір күннен бері Балқаш өзенінде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіру үстінде,

Балқашта он бір күннен бері балықшыларды іздестіру шаралары жүргізілуде

деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қыркүйектің 24-і мен қазанның 3-і аралығында Алматы облысы Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округының 4 жоғалып кеткен тұрғыны іздестірілу үстінде. Куәгерлердің айтуынша, олар қыркүйектің 24-інде моторлы қайыққа мініп, Балқаш өзені арқылы Қарақұм ауылынан Көпбірлік ауылына қарай жол жүріп кеткен. Осыдан кейін оларды ешкім көрмеген», - делінген ТЖД таратқан мәліметте.