Балқашта өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады
АСТАНА. KAZINFORM - Балқашта өрт сөндірушілер тұрғын үйдің жертөлесінен шыққан өртке байланысты 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Балқаш қаласындағы Желтоқсан көшесінде 4 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді.
Улы түтіннен сақтау мақсатында ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 20 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді" делінген хабарламада.