Балқашта туризмді дамытуға халықаралық мамандар көмектеспек
Балқашта туризмді дамыту үшін не істеу керектігін және қажетті ұсыныстарды халықаралық мамандар айтатын болады.
«Жолдауда ерекше назар экономиканың ең қарқынды өсіп келе жатқан секторы - туристік саланы дамытуға аударылып отыр. Президент туризмді дамыту бойынша шаралар қолдануды тапсырды, жәнеде бірінші кезекте еліміздің топ-10 туристік нысандары тізіміне енген Балқаш маңындағы аймақты жетілдіру тапсырды. Біз Балқаш бойынша шебер-жоспар құруды аяқтағалы жатқан McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясын жұмылдырдық», - деп атап өтті өңір басшысы Ерлан Қошанов Елбасының Жолдауында қойған міндеттерін талқылау бойынша аймақ активінің отырысы барысында.
2023-ші жылға қарай еліміздің ЖІӨ-дегі туризм үлесін 8%-ға дейін ұлғайту қажет.
«Біздің мақсатымыз - 2023-ші жылға дейін тек Балқаштың өзінде-ақ туристік ағымды екі есеге арттырып, 160 мың адамға дейін ұлғайту», - деді облыс әкімі.
Ол сонымен қатар, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында туризмді дамыту бойынша да шебер-жоспарлар құруды тапсырды.