Балқашта үйлерге баратын жолдарды бөгеген бетон блоктарды алып тастады
Комиссия жеке тұрғын үйлердің аулаларына баратын жолдарды тексерді.Қаланың кейбір аудандарында жергілікті тұрғындар көпқабатты тұрғын үйлерге апарар жолдарды бетон блоктармен бөгеп тастағаны анықталды. Адамдар аулаларда көліктердің жүргенін қаламайды. Алайда бұл бөгеттер арнайы өрт сөндіру және жедел медициналық көмек көліктеріне де кедергі келтіретінін ұмыт қалдырған.
Өрт болған немесе біреуге медициналық көмек қажет болған жағдайларда, өрт сөндірушілер де, медицина қызметкерлері де онсыз да қымбат минуттарды кіреберіске жақын жол іздеуге жұмсауға мәжбүр, ал ол өз кезегінде адам өмірін сақтап қалуда өте маңызды сәттер.
Ереже бұзушылықтарды жою үшін рейд ұйымдастырушылар апаттық-құтқару көліктерін пайдаланып, бетон блоктарды алып тастап, жолдарды ашқан.