Балқашта заманауи емхана ғимараты салынды
Медициналық мекеме МЖӘ бойынша салынған және 19 мыңнан астам ересектер мен балаларға қызмет көрсететін болады. Ол сондай-ақ әрең жүретін пациенттер үшін барлық жағдайлар жасалған.
«Біздің емхана 1978 жылы салынған ғимаратта болған және оған ешқашан күрделі жөндеу жасалмаған еді. Біз өз жұмысымызды отбасылық-дәрігерлік амбулатория ретінде бастадық, 2000 жылы емханаға айналдырдық»,-дейді № 2 емхананың директоры Айнагүл Күлембаева.
Енді пациенттер медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің барлық тізбесін, арнайы мамандардың консультациясын ала алады, анализдер тапсыра алады, күндізгі стационарда емделе алады, оңалту көмегі мен физиотерапия ала алады.
Сондай-ақ, емхананың жанындағы жедел жәрдем, әлеуметтік дәріхананың, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы жолға қойылған.
Емхананың жаңа ғимаратында диагностикалық қызметтер де көзделген. Ультрадыбыстық зерттеулердің толық спектрі, эндоскопиялық зерттеулер - эзофагогастродуоденоскопия, кольпоскопия бар. Жеке үй-жайда рентген аппараты орнатылған, сондай-ақ пациенттер тредмил-тест пен велоэргометрді қолдана отырып жүктеме сынамаларын тапсыра алады, электрокардиографиядан, ЭКГ холтер мониторингінен, қан қысымының тәуліктік мониторингінен, аудиометриядан өте алады.
Сонымен қатар, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі пациенттерге: пандустар, мүгедектер арбасына арналған арнайы көтергіш, лифт, қозғалысты жеңілдететін құрылғылар, тактилді жолдар және Брайль шрифтін қолданатын ақпараттық тақтайшалар секілді медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.