Балқашта жылу желілерін қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар басталды
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта жылу желілерін қайта құру басталды. Олар 60-жылдардың басында пайдалануға берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құбырлардың тозуына байланысты апаттар жиі орын алды. Өткен жылыту маусымында олардың саны үш жүзге жуық болды. Олардың салдарынан жылу шығыны артты. Қала халқының төрттен біріне жуығы жылуды толыққанды алмады және ыстық су тапшылығын сезінді.
Биылғы жылы желілерді қайта құруға бюджеттік өтінім қолдау тапты. Ақша республикалық қазынадан бөлінді.
Мердігер компания Желтоқсан көшесі бойындағы Әлімжанов пен Әбуғалиев арасындағы учаскедегі М2 магистральдық құбырының бір бөлігін ауыстыруға
кірісті. Мұнда құбырдың диаметрі 630 миллиметрден 720 миллиметрге дейін ұлғайтылмақ.
«Қайта құруды бастау үшін учаске кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы жерде
келесі жылы қала жағалауын абаттандыру бойынша маңызды жобаны іске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл жоба бұрын қала тұрғындарына таныстырылған
болатын және қазір ашық дереккөздерде қолжетімді», –деп хабарлады Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.
