Балқаштағы колониядан қашып кетпекші болған 16 сотталушының жеке тұлғалары анықталды - ҚР ІІМ
ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы / - Балқаштағы колониядан қашып кетпекші болған 16 сотталушының жеке тұлғалары анықталды.
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Еске сала кетейік, шілде айында бірқатар сотталушы суық және атыс қаруларын пайдалана отырып, Балқаштағы колониядан қашу әрекетін жасаған болатын. Ол кезде 16 сотталушы мекеме үй-жайларының бірінде оқшауланып, өздерін жарып жіберген.
Н. Ораздың айтуынша, оқиға болған жерді бастапқы және қосымша тексеру кезінде табылған мәйіттерді идентификациялау мақсатында әртүрлі сараптамалар тағайындалған.
«Ағымдағы жылдың тамыз айында өткізілген гендік-молекулярлық сараптаманың қорытындысы бойынша - 12 сотталушы идентификацияланды. Ал, өткен аптада гендік-молекулярлық сараптама тағы 4 сотталған адамның кім екендіктерін анықтады», - деді ресми өкіл.