Балқаштағы оқиға: төрт адамның денесі іздестірілуде

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Балқаш көлінде катер аударылып, оқиға салдарынан төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органның қызметкерлері опат болды,

Балқаштағы     оқиға:  төрт  адамның  денесі іздестірілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балқаштың Приозер қаласының тұсындағы «Алтын құм» жағажай аумағында кеше, сәуірдің 22-сі күні сағат 14.00-дерде көл үстінде «Казанка» моторлы қайығы аударылып кетті. Оқиға салдарынан Приозер қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы мен тұлғасы әзірге анықталмаған тағы бір ер азамат ауруханаға жеткізілді. Ал Приозер қаласындағы №47 өрт сөндіру бөлімінің бастығының, осы бөлімнің жүргізушісінің және тағы екі ер азаматтың денелері әлі іздестірілуде.