Балқаштағы түрмеден қашпақ болғандарға көмектескен қылмыстық топ мүшелері қолға түсті

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойыншаАстана қаласының полиция қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдармен бірлесе отырып,

Балқаштағы түрмеден қашпақ болғандарға көмектескен қылмыстық топ мүшелері қолға түсті

ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 белсенді мүшесін ұстады. Бұрыннан іздеуде жүрген қылмыскерлерге осыдан біраз бұрын Балқаш қаласындағы түрмеден қашпақ болғандарға тиым салыған заттар жеткізіп берген деген күдік келтірілді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Қолға түскендер аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қарағанды облысының 24-29 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Олардың Астана аумағына келгені туралы ақпарат түскеннен кейін жедел қызметкерлермен бірден қылмыстық топты ұстау шаралары орындалды», - дейді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, күдіктілерде өздерімен бірге тапанша болған және олардың бұған дейін атыс қаруын сатқаны, сатып алғандары анықталды.
«Осы жағдайлар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше сақтану шараларын қолдануды қажет етті.
Арлан арнайы мақсатттағы жасағының қатысуымен қылмыстық топтың барлық мүшелерін ұстау операциясы сәтті жүргізілді.
Ұстау кезінде олардан Макаров тапаншасы, нөмірі өшірілген Наган револьвері, және осы қарулардың жүздеген оқтары алынды», - дейді Н. Ораз. Оның сөзіне қарағанда, қылмыстық топтың Астана қаласы аумағында қылмыс жасап үлгергені де анықталған. Нақтылап айтқанда, олар 25 тамызда қала тұрғынының жеке мүлкін иемдену мақсатында тонаған.

«Сондай-ақ топ мүшелеріне «Балқаш қаласындағы түзету мекемесіндегі қамаудағылардың қашып кетуіне қажетті тыйым салынған заттарды жеткізіп берген» деген күдік келтірілді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», - дейді баспасөз хатшысы.