Балқаштық спортшылар шыршаны өз медальдарымен безендірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш спортшылары әріптестерінің Атырауда басталған жаңажылдық эстафетасын қабыл алды. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шыршаны өз медальдарымен безендірді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты . 
None
None

Атыраулықтардың челленжін Балқаштың ДШСК-нің спортшылары қолдады. Шыршада ойыншықтардың орнына түрлі жетістіктер бойынша медальдар ілінген. Шырша түбіне Кубок қойылған. «Чемпион шыршасын» безендіруге 20-ға жуық медаль жұмсалған. 

Биылғы жылы балқаштықтар бокс, күрес, волейбол, кикбокс және дойбы сияқты спорт түрлері бойынша медальдарды жеңіп алды. Паэурлифтингші Алексей Федяев Аргентинада әлем чемпионы атанды. Жазда Балқашта «Арай» жастар спартакиадасы өткен еді, алаң иелері онда үшінші орынды иеленді. 
Қарағандылық боксшы, олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев те жаңажылдық эстафетаның қатысушысы атанды. Ол барша қазақстандық спортшыларға арнап бейнеқұттықтау жолдады.

Соңғы жаңалықтар