Балмейір Сансызбайұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды

Б. Сансызбайұлы 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Сайрам аудандық басқармасының бас маманы болып бастаған. 2016-2017 жылдары аталған департаменттің Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық басқармасының бөлім басшысы болған.
2019-2021 жылдары Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы. 2021-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры лауазымын абыроймен атқарып келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.