БАЛТАБАЙ КЕСЕНЕСІ
Балтабай кесенесі - ХІХ ғасырдың соңында салынған сәулетті ескерткіштердің бірі. Ақмола облысы Қорғалжың ауданының Абай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 800 метр қашықтықта, ашық далада, Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Балтабай кесенесі алғашқы рет 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының Жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г.Қамалова) зерттелген.
Кесене мөлшері 38х21х11 см және 46х22х12 см шикі өңделген кірпіштен қаланған. Күмбезінің үстіңгі бөлігі опырылған, екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны бар кіру есігінің көлемі жартылай сынған. Негізінің күмбезді төртқырлығы бар қос бөлімді мазардың аймақтық түрінің тән нұсқасы, жоспардағы мөлшері 7,8х7,6 метр, қабырғаларының биіктігі 4 метр. Төртқырлықтың шығыс бет жағында ішкі бөлмеге апаратын кіру қабырғадағы оймаға өтетін биіктігі 3 метр енсіз, жоспарында тік бұрышты екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны бар. Кіру аркасының биіктігі 0,95 метр. Төртқырлықтың төбесіне қарай енсізденген қабырғалары бүкіл көлемге орнықты монументалды көрініс береді, оның үстінде күмбез негізінің сақталған астыңғы бөлігі көтерілген. Ішінде жоспарда шаршы бөлме қабырғаларының үстіне күмбездің домалақталған көлемі орнатылған.
Төртқырлықтың қабырғалары негізінен 2 метр биіктікке созылған, симметриялы түрде орналастырылған екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны бар қуыстармен безендірілген.
Дерек көзі:
Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасы. Ескерткіштер жиынтығы, Алматы - 2008 жыл.