21:18, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Балтамен қаруланған үш тонаушы Сочидегі ломбардты тонап, ішінен 2,5 млн. ақшаны алып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи қаласындағы дүкенге алдымен бір қылмыскер кірген. Ол кәдімгі сатып алушы сияқты витриналарды қарап жүрген. Одан кейін ғимаратқа қолына балта ұстаған екінші тонаушы баса-көктей кіріп келіп, балтамен екі витринаны сындырды.

Алғашқысы болса, үлкен сөмкені ашып, сыбайласы екеуі оны әшекей бұйымдарға толтыра бастаған.
Кіреберіс есіктен тонаушылықтың үшінші қатысушысы бас сұққан. Сол мезетте оның сыбайластары ломбардтан жедел шығып кетті. Дүкен қызметкері болса, тонаушылардан тығылып қалған.
Ұрланған заттардың жалпы сомасы 2,5 миллион рубльге бағаланып отыр. Полиция тергеу амалдарын жүргізуде.