2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Балтиморда белгісіз адам дүкен келушілеріне оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Балтиморда (Мэриленд штаты, АҚШ) белгісіз ер адам дүкен келушілеріне оқ атты: екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК.

Балтиморда белгісіз адам дүкен келушілеріне оқ жаудырды

Полиция өкілі Ти Джей Смиттің мәлімдеуінше, оқиға жергілікті уақытпен кешкі 6-да болған. Ол бір адамның оқиға орнында, ал екінші адамның ауруханада қайтыс болғанын растады.

Қазіргі уақытта бір зардап шегуші өте ауыр халде жатыр. Полиция күдіктінің қылмыс орнынан ізін суытып үлгергенін айтуда. Тергеушілердің болжауынша, күдікті бірнеше күн бұрын осы ауданда орын алған кісі өлімі үшін кек қайтарған болуы мүмкін.