«БалтИнфо» ақпараттық агенттігі жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "БалтИнфо" ақпараттық агенттігі жабылды , барлық қызметкерлер Петербургтің LifeNews бөлімшесіне жұмысқа ауысады.
None
None

«Шынымен қазіргі уақытта ақпараттық агенттік өз жұмысын тоқтатты. Редакция да, ақпараттық портал да болмайды», - деп хабарлады құрамына ақпараттық агенттік кірген "Балтық медиа тобын" басқаратын News Media қожайыны Арам Габрелянов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Life News Санкт-Петербург" аталатын LifeNews-тің жеке бөлімшесі құрылуда.

«Бұл бөлімшенің интернетте порталы, редакциясы болады. «БалтИнфодан» жұмыстан босатылған қызметкерлердің барлығы сол жерге орналасады», - деп атап өтті ол.

БАҚ деректеріне сүйенсек, қызметкерлердің басым бөлігі тараптардың келісімімен тамыздың басында жұмыстан босатылған. Агенттік сайты да жаңартылмайды, соңғы жарияланым 24 шілдеде болған.

Соңғы жаңалықтар