Балтық теңізінің түбінен 200 жылдан астам уақыт сақталған шампан шөлмектері табылды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Швед дайверлері тобы Балтық теңізінің түбінен 30 бөтелкеге жуық 200 жылдан астам сақталған шампан шарабын тауып алды, деп хабарлады РБК агенттігі. Бірегей олжа суға батқан кеменің орнында Аланд аралдарының маңында 60 метр тереңдікте табылған. Бұл туралы батыстық БАҚ жеткізді.

Балтық теңізінің түбінен 200 жылдан астам уақыт сақталған шампан шөлмектері табылды

Мамандар қараңғы жерде үнемі салқын температурада болғандықтан, шампан жақсы сақталған, дейді. Сүңгушілердің бірі олардың дәмін де татып көріп, тәнті болған.

Ішімдік үлгілері Францияға сараптамаға жіберілді. Шампан шарабының жүздеген жыл сақталғаны расталса, оның әрбір бөтелкесінің бағасы 68 мың долларға жетуі мүмкін.