Балуан қыздарымыздың бабында еместігі көрініп қалды – Елсияр Қанағатов

Спорт
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турниріне балуан қыздарымыз бабында бармағыны көрініп қалды.  Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатов айтып берді.

«Лицензиялық турнирге алты балуан қызымыз аттанды. Өкінішке қарай бір де бірі жолдамаға қол жеткізе алмады. Бұл бұрымды балуандарымыздың аталған турнирге бабында бармағыны деп білемін. Өз басым Жәмила Бақбергеноваға қатты үміт артқан едім. Алайда, үміт ақталмады. Енді алдағы мамыр айында Түркияда күрес түрлерінен әлемдік іріктеу сайысы өтеді. Бішкекте тек, финалға шыққан балуандарға жолдама берілсе, Түркияда үшінші орын алған жүлдегерге де Парижға баруға мүмкіндік беріледі. Енді қыздарымыз сол бәсекеге жоғары дайындықта бару керек», - деді штаб басшысы.

Сонымен қатар штаб басшысына «Бішкекте жолдамаға қол жеткізе алмаған балуандар Түркияға тағы бара ма, әледе басқа балуандар барама» деген сауал қойған едік.

«Ол жағын бапкерлер кеңесі шешеді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешіліп жатыр», - деп қысқа қайырды Елсияр Қанағатов.

Естеріңізге сала кетсек, Бішкекте өткен іріктеу турнирінде қазақ қыздарынан үш балуанымыз жартылай финалаға дейін сүрінбей жетіп, жолдама сарапқа салынатын шешуші сында қарсыластарына жол берген еді.

Атап айтсақ, әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері, 76 келідегі Жәмила Бақбергенова шешуі белдесуде Қытай балуаны Вангке 1:6 есебімен жеңілсе, 50 келі салмақта Лаура Ғаниқызы шешуші сәтте Азия чемпионатының 6 мәрте жүлдегері Ванишке 0:10 есебімен жол берді. 

Ал 53 келідегі ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны Жұлдыз Эшимова жартылай финалда Солтүстік Корея балуаны Хюгунг Чоға 0:4 есебімен ұтылды.Осылайша жартылай финалға шыққан үш балуан қызымыздың үшеуі де Азия құрлығының іріктеу жарысында жолдамаға қол жеткізе алмады.

Соңғы жаңалықтар