Балуан Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатының финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Балуан Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатының финалына өтті
Фото: ҰОК

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.

Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.

Айта кетелік Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.