«Балуан Шолақ» фильмінің трейлері жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 сәуірден бастап жалпыұлттық прокатқа шығатын «Балуан Шолақ» фильмінің трейлері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүйінші, ағайын! Мәдениет және спорт министрі лауазымына Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей тапсырысымен Қазығұрт» киностудиясы түсірген «Балуан Шолақ» көркем фильмі жарыққа шығады», - деп жазды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай өзінің фейсбук парақшасында фильмнің трейлерін жариялай отырып.

Еске сала кетсек, фильм режиссері Нұргелді Садығұлов бұдан бұрын ҚазАқпарат тілшісіне «Балуан Шолақ» фильмі жайлы толығырақ айтып берген болатын.

«Балуан Шолақ» фильмі 18 сәуірде жалпыұлттық прокатқа шығады. Кино түсірілімі барысында графика жағынан қиналдық. Себебі, актер Еркебұлан Дайыровтың саусақтарын «кесу» керек болды. Әр кадрда тұтас саусақтары көрініп қалғаннан кейін Балуан Шолаққа ұқсату үшін әрбір кадр бойынша жеке графикалық жұмыс атқаруға тура келді. Фильм 2017 жылы түсіріле бастады. Сөйтіп, сол жылдың күзінде монтажға кірісіп кеттік. Өткен жылы монтаж аяқталғаннан кейін дәл осы графикалық жұмыстар біршама уақытымызды алды», - дейді Нұргелді Садығұлов.

Соңғы жаңалықтар