Балуандарымыз Олимпиаданың соңғы лицензиялары ойнатылатын турнирге қатысады

балуан
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 9 мамыр күні Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы лицензиялық турнир басталады.Аталған турнирде 54 олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Қазақстан балуандары оның ішінде 11 лицензияға таласады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан балуандарының еншісінде жалпы есебі жеті жолдама бар. Оның төртеуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, үшеуі – еркін күрес шеберлерінде. Ал бұрымды балуандарымыз әлі бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алған жоқ.

Олимпиадаға соңғы іріктеу турниріне әлемнің 93 мемлекетінен 517 балуан қатысады.

Стамбул қаласында өтетін әлемдік турнирде әр салмақтан үш балуан жолдамаға ие болады.

Жолдамаға таласатын қазақстандық балуандар:

Әйелдер күресі:
50 келі - Лаура Ғаниқызы;
53 келі - Марина Седнева;
57 келі - Лаура Алмағанбетова;
62 келі - Ирина Кузнецова;
68 келі - Елена Шалыгина;

76 келі - Эльмира Сыздықова

Еркін күрес:
57 келі - Рахат Қалжан;
65 келі - Адлан Асқаров;
74 келі - Талғат Сырбаз.

Грек-рим күресі:
67 келі - Дін-Мұхаммед Қошқар
97 келі - Юсуф Мациев

Соңғы жаңалықтар