Балық аулауға кеткен оралдықтың мәйіті табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда балық аулауға кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық аулауға кеткен оралдықтың мәйіті табылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметіне қарағанда, 1961 жылғы азаматтың денесін құтқарушылар бүгін сағат 12.40-та судан шығарды.

Марқұм қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзеніне батып кеткен. Оның денесін шығаруға жедел құтқару жасағынан 5 қызметкер 1 техника, 1 жүзу құралымен қатысты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 маусым күні балық аулауға кеткен тұрғынның табылмай жатқанын жазған болатынбыз.

Биыл осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның үшеуі - балалар.