13:00, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Балық өнімдерін контрабандалаумен айналысатындар жазаға тартылатын болады - К.Мәсімов
АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Балық өнімін контрабандалаумен айналысатындар, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жазаға тартылатын болады.

Бұл туралы бүгін Атырау облысындағы өзен портында болған К.Мәсімов мәлім етті.
«Біз контрабанданың бар екенін, оған қадағалаушы қызметкерлердің де қатысы бар екенін білеміз. Бұл салада сыбайлас жемқорлық бар. Мен бұл мәселені қатаң бақылауға аламын және де бұл іске араласқандардың барлығы, соның ішінде құқық қорғау органдары да жазаға тартылатын болады. Осы салада біз тәртіп орнатамыз», - деді К.Мәсімов.