Балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкері пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Мәжит Сәмитов Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Шиелі ауданы бойынша жетекші маманы Қ.Есенбековтің пара алғаны үшін сотталғанын хабарлады.

Балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкері пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Бұл қылмыстар Шиелі ауданында орналасқан шаруа қожалығының төрағасы С.Аманжоловтың «Домалақ» және «Қарақұм» көлдерін мемлекеттен 2008 жылғы 14 ақпанда 10 жыл мерзімге жалға алған уақытынан басталған. Ол Қызылорда қаласында орналасқан «Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының инспекциялық бақылау жұмыс бөлімі қызметтік бөлмесінде пара ретінде сұраған 10 мың теңгенің қалған 5 мың теңгесін алған жерінде ұсталды.

Осыған сәйкес бұрынғы жетекші маман Шиелі аудандық сотының үкімімен 3 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан әрі 4 жылға бас бостандығы еркінен айыруға, 2 жыл сынақ мерзіміне сотталды.