Балықшы 120 келі тартатын балық аулап алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда балықшы Юри Грисенди По өзенінен 120 келі балық аулады. Ер адам балықты судан шығарып алғанша, онымен бір сағаттай алысқан.
Грисенди 20 жыл балық аулаумен айналысып жүріп, мұндай алып балықты алғаш көргенін айтты.
Ер адам жайынмен алысу оңай болмаса да, оны жағаға алып шыққанын атап өтті. Ол ұстап алған балығын әлеуметтік желіге жариялаған.
Бұдан бұрын осы өзеннен 2,7 метр балық ауланған. Балық салмағы 127 келіге жеткен, деп жазады шетелдік БАҚ.