Балықшылар тобы мінген көлік Арал теңізіне батып кетті

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Арал теңізіне үш балықшы мінген автокөлік батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Бейсенбі, 21 ақпан күні Қызылорда облысының Қаратерең кентіне жақын жерде балықшылар мінген «УАЗ» көлігі мұз астына түсіп кетті. 1974, 1968 және 1979 жылғы үш ер адам суға батып кетті.

Оқиға орнына 16 адам мен 4 техника шықты, соның ішінде ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД судан-құтқару қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы бар. Мүрделерді судан алып шығу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар