Балықшылар Үлбі өзенінен әйелдің мүрдесін тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, әйелдің мүрдесін балық аулап жүрген тұрғындар тауып алып, оқиға орнына бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Балықшылар Үлбі өзенінен әйелдің мүрдесін тауып алды

Шамамен жасы 35-тен асқан келіншектің мүрдесін құтқарушылар жағаға алып шыққан. Оның қандай жағдайда өзенге ағып кеткені белгісіз. Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үстінде.