Балықты құтқарғысы келген ит барлығын таңқалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «YouTube» әлеуметтік желісінде жағада жатқан балықтарды құтқарғысы келгендей әрекет жасап жүрген ит туралы бейнеролик көпшілікке ұнап, оны 3 күннің ішінде жарты миллионнан астам адам тамашалаған, деп жазады «Росбалт».

Балықты құтқарғысы келген ит барлығын таңқалдырды

Видео Тайландтың Петчабури қаласында түсірілген. Онда жағадағы балықтарға «мейірімді ит» тұмсығымен су шашып, араша түседі. Бұл бейнебаянды көрушілер иттің жасаған жақсылығына таңданып, сан түрлі пікір жазған. Кейбірі осындай жанашырлық адамдар арасында болса, әлем түзелер ме еді десе, кейбірі ит өз олжасын көмуге асығып жатқан дейді. Мұны әлеуметтік желілерде талқылағандардың дені «Ит құрлы болмадық па?» деген мағынада пікір айтқан.