Банан қораптарына салынған жылқы етін Қытайға өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының «Жолаушылар» бөлімшесінде шекара наряды елімізден ҚХР аумағына қарай жаяу өтіп бара жатқан 35 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Банан қораптарына салынған   жылқы етін Қытайға өткізбек болған

Оның қол жүгін тексеру барысында 5 дана банан қораптарына салынған, жалпы салмағы 150 келі, ешқандай құжатсыз жылқы еті табылды. Жүк ветеринарлық қызмет өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.