Бананмен «қаруланған» ер адам дүкен тонаған - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филадельфия полициясы банан көмегімен дүкен тонаған ер адамды іздестіруде, деп хабарлады YouTube-де Филадельфия полиция департаментінің ресми арнасынан.

Бананмен «қаруланған» ер адам дүкен тонаған - ВИДЕО

Қара нәсілді америкалық кезекте тұрып, сөредегі бір буда бананды байқап қалып, біреуін қалтасына салып алған, ол сатушыдан ақша мен темекі талап еткен, деп хабарлады Day.Az. Сатушы ер адамның қолында тапанша бар деп қорқып, оның айтқанын істеген.

Камерадағы жазбада қылмыскердің ақшамен сөреге жақындағаны түсіп қалған, алайда сатушымен сөйлескеннен кейін ақшаны қалтасына салып қойған. Кейіннен дүкен қызметкері ер адамға бір бума ақша мен темекі береді.

Сөреге келесі адам жақындағанда, ер адам дүкеннен шығып кетті. Баукеспе қылмыс орнынан велосипедпен кеткені хабарланды.