Бангалордағы «АэроҮндістан-2015» авиашоуында екі чехиялық ұшақ соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Aero India 2015 авиашоуында Flying Bulls тобындағы екі чехиялық ұшақ бір-бірін қанатымен жанап құлай жаздады.
Үндістан қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, ұшақтар қонды, алайда қанаттары бұзылған. Жапа шеккендер жоқ.
Көрсетілімде болған халықаралық сарапшылар бұл оқиғадан кейін ұшқыштар мен көрермендердің аман қалуы таңғажайып құбылыс екенін айтты, - деп жазды ТАСС