Бангкок әуежайы су тасқынына байланысты жұмысын тоқтатты
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бангкоктың «Донмуан» әуежайы су тасқынына байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Утро.ру.
Тасқын су залал шеккен Бангкоктың солтүстік бөліміне жақын жерде орналасқан әуежайдың солтүстік шекарасына жетті. Бұл әуежай негізінен ішкі және жүк рейстері үшін пайдаланылады. Қазір әуежай ғимаратында эвакуациялау орталығы орналасқан. Оған қарамастан, «Суварнабхуми» халықаралық әуежайы шатты тәртіпте жұмыс жасауда.