Бангкок су астында қалуы мүмкін

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Жұма, 7 қазан күні ел премьер-министрі Йинглак Чиннават алапат табиғат апаты 252 адамның өмірін қиып, 2,5 млн-ға жуық адам баспанасыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды РБК.

Бангкок су астында қалуы мүмкін

Қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, су тасқынымен қатар, елде жұқпалы ауруға шалдыққандардың саны артып жатыр. Елдегі ең көп зардап шеккен 28 аудандағы 500 мыңнан астам адам азық-түлік пен таза ауыз судың жетіспеуіне байланысты қатты қианалуда.

Халыққа жолдаған үндеуінде Й.Чиннават ел астанасы Бангкок қаласының тұрғындарын қаланы су басып қалу қаупі бар деп ескертті.

«Біз Чаупхрай өзеніндегі су деңгейін төмендету шараларын қолға алу керекпіз, әйтпесе ел астанасының аумағы түгелдей су астында қалуы мүмкін», - деп мәліметті ел премьері.