Бангкокта өтіп жатқан Азия ойындарында таэквондодан жарыс аяқталды
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше Бангкокта өтіп жатқан шығыс жекпе-жегі өнері бойынша Азия ойындарында таэквондодан жарыс аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Аталған жарыс түрінің ақтық сынына қазақстандық екі спортшы жолдама алған болатын. 62-67 кг салмақ санатында жарыс жолына шыққан Қайрат Сарымсақов тайпейлік қарсыласы Цунг Ху Лодан ұтылса, 55-59 кг салмақ санатында чемпиондық атаққа ұмтылған Зарина Шамшатқызы да қытайлық Джи Лейден қапы қалды. Осы спорт түрінен Екатерина Дмитриева Қазақстан қоржынын қола медальмен толықтырды.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.