Бангкоктағы шерушілер Премьердің резиденциясын басып алуға қауіп төндіруде
Бангкоктың орталығын басып алып, Премьердің резиденциясына шабуыл жасайтындығын алға тартуда. Бұл туралы бүгін Демократия үшін Халықтық альянстың басшысы Чамлонг Сримуанг мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Демократия үшін Халықтық альянс «Камбоджамен шекаралық жанжалды шеше алмағаны үшін» Абхисит Ветчачиваның кабинетін таратуды талап етіп отыр.
Соған қоса, Альянс үкіметті Бүкіәлемдік ЮНЕСКО мұрагерлігі комитетінен шығып, Камбоджамен шекараны белгілеу бойынша өзара түсіністік меморандумын жоюға шақырып отыр. Екі тарапқа да Преах Вихеар ғибадат орнының тиесілігі мәселесі және Таиланд пен Камбоджада шекарасын анықтаудағы ішкі саяси шиеліністер өзекті болып отыр. Екі елдің шекарасында атыстар үшінші тәулік бойы жалғасып жатыр. Камбоджа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне іске араласуға өтініш білдірді.
Өз кезегінде, министрлер кабинеті аталған талаптардың орынсыз екенін әлденеше рет қайталады. Абхисит Ветчачива, сонымен қатар, «мерзімінен бұрын орнынан кетпейтіндігін және қазір Таиландтың аумақтық мүдделерін барынша қорғап жатқанын жеткізді». Ветчачива Демократия үшін Халықтық альянстың келіссөзге бет бұрмағанына таң қалғандығын білдірді.