Бангкокте қазақстандықтар үшін жедел байланыс желісі ашылды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бангкок қаласында қазақстандық туристер үшін жедел байланыс желісі ашылды,
деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туроператорлар мен турагенттерге Тайланд астанасы Бангкокке туристік өнімдерін ұсыну кезінде немесе сол елге кеткен отандық азаматтарға қаладағы жағдай туралы ақпаратты міндетті түрде хабарлап отыруды ұсынып отыр», - делінеді комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚР СІМ-нің ақпараты бойынша, қазақстандық туристер Бангкокте наразылық акциялары кезінде кездейсоқ оқиғаға тап болған кезде Тайландтағы Қазақстан елшілігіне, жедел байланыс желісінің +66-85-222-3756, +66-2254-3043 телефон нөмірлеріне қоңырау шалулары тиіс.
Еске сала кетейік, Бангкокте үкіметке қарсы наразылық акциялары 2013 жылдың қараша айында басталған. Оппозиция Үкімет басшысы Йинглак Чинаваттың тақтан кетуін талап етіп отыр. 2014 жылдың 13 қаңтарында акцияға қатысушылар Бангкоктің негізгі көшелерінде көлік қозғалысын жауып тастады.