Бангкоктегі үш жарылыстан екі адам зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні таңертең Бангкок қаласының үш ауданында жаралыс болды. Бұл күні Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының сыртқы істер министрлерінің (АСЕАН) жыл сайынғы кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian сайтына сілтеме жасап.
Жарылыстар BTS Chong Nonsi метро стансасынан, солтүстіктегі үкіметтік кешеннен және қаладағы басты көшелердің бірі Rama 9-дан естілді. Екі адам жарақат алып, олардың бірі ауруханаға жеткізілді.
Премьер-Министр канцеляриясының мәлімдемесіне сәйкес, тергеу басталды. «Жағдай бақылауға алынды. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дүрбелеңге салынбауларыңызды сұраймыз».
Шетел үкіметінің ресми тұлғалары, соның ішінде Ұлыбритания СІМ басшысы Доминика Рааб, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, ҚХР сыртқы істер министрі Ван И қазір Таиландта. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының сыртқы істер министрлерінің (АСЕАН) жыл сайынғы кездесуіне қатысу үшін келген.