21:04, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Бангладеш астанасында еңбекақыларына көңілдері толмаған шекарашылар сауда орталығын басып алды
ДАККА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Бангладештің астанасы - Дакка қаласында еңбекақыларына көңілдері толмаған шекарашылар өз гарнизонында атыс ұйымдастырды, оның салдарынан бір адам қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шекарашылар әскери бөлімшенің аумағында орналасқан офицерлер жиналыс өткізетін отырыс залын және әскери бөлімшемен қатар орналасқан сауда орталығын басып алды.
Қазіргі уақытта әскери бөлімше орналасқан аумақты жауынгерлер қоршап алған, жергілікті тұрғындарға өз үй-жайларынан кету ұсынылды. Елдің премьер-министрі Шейх Хасина көтерілісшілерді қаруларын тапсыруға және келіссөз жүргізу үшін казармаға қайтуға шақырды.